Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері электр тогымен балық аулаған браконьерлерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері электр тогымен балық аулаған браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлердің жолын кесу мақсатында Келес АПБ-нің табиғатты қорғау тобының инспекторы Жанболат Сапарбаев Сырдария өзенінде профилактикалық жұмыс жүргізген болатын.

Тәртіп сақшысының жүйелі жұмысының нәтижесінде, түнгі сағат 04:00 шамасында резеңке қайық пен электр тогын пайдаланып, заңсыз балық аулап келе жатқан екі ер адам ұсталды. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша тіркелді.

Браконьерлерден заттай дәлел ретінде үш резеңке қайық, екі ток күшейткіш құрылғы, балықтың бірнеше түрі алынды. Күдіктілер Келес АПБ-ға жеткізіліп, бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру