Түркістан облысының полицейлері ер адамнан марихуана тапты
Түркістан облысының полицейлері ер адамнан марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД Эстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау мен өткізудің кезекті дерегін анықтады.
Яғни, полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде үйінде марихуана сақтаған Төлеби ауданының тұрғынын ұстады. Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктіден құрамында есірткі заты бар 3 полиэтилен пакетін тапты. Тәркіленген есірткі жалпы салмағы 1 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.