Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері есірткіге қарсы 230-ға жуық жадынама таратты

Түркістан облысының полицейлері есірткіге қарсы 230-ға жуық жадынама таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қою, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресте атқарар жұмыстары сан алуан. Мәселен, Кентау қаласының полиция қызметкерлері мен “Жастар ресурстық” орталығының ерікті жастарының қатысуымен нашақорлықтың алдын алу жайында қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын ескеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарлату, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту.

Олар дүкендерді, тамақтану орындарын, қоғамдық орындар мен көше қиылыстарын да тыс қалдырмады. Сонымен қатар тұрғындарға есірткі қылмысының алдын алу мақсатында ескерту жұмыстарын жүргізіп, есірткінің заңсыз айналымы қандай да бір заңсыз әрекет жазасыз қалмайтындығын ескертті. Сондай-ақ  “Нашақорлық, есірткі және трамадолға жол жоқ!” тақырыбында 230 жадынама таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру