Түркістан облысының полицейлері іздеуде жүрген ұрыны ұстады
Түркістан облысының полицейлері 2020 жылдың қарашасынан бері іздеуде жүрген күдікті азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті Сарыағаш қаласында бірнеше адамның мүлкін және ақшаларын ұрлағаны белгілі болды. Аталған жайтқа қатысты Сарыағаш аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда күдікті азамат жергілікті мекенжайынан кетіп, бас сауғалап жүрген.
Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын күдікті азаматқа қатысты іздестіру амалдарын жасайды. Полицейлер әр көшеге іздестіру жаднамасын іледі. Көрген, білген адамдардан сұрастырады. Нәтижесінде мақтааралдық полицейлер ақпарат көздері арқылы күдіктіні Алматы қаласынан мал бағып жүрген жерінен ұстады. Сондай-ақ күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін қажетті шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді.
Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше үйлер мен пәтерлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек.Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз.