Түркістан облысының полицейлері карантин режимін қатаң сақталуын қадағалауда
Түркістан облысының полицейлері карантин режимін қатаң сақталуын қадағалауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арыс АПБ-нің қызметкерлері мен Арыс қаласы әкімі қызметкерлерімен бірлесіп, коронавирус індетінің өршіп, таралмауына тосқауыл қою мақсатында карантин талабының сақталуын қатаң қадағалауға алды. Ойын-сауық орталықтары мен сауда орындарының барлық шектеулерге бой ұсына отырып, халыққа қызмет етуін бақылады. Соның нәтижесінде полицейлер Арыс қаласындағы үш сауда орын кешкі уақытта ашық тұрғанын анықтады. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша хаттама толтырылды. Оның ішінде бір сауда дүкеннің иесі карантин режимін сақтамай отырған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері көшедегі жаяу жүргіншілерге карантин режимін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы Полиция департаменті карантин кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.