Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көп балалы аналарға көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері көп балалы аналарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайырымдылық қасиеті бойларынан табыла білген облыс полицейлері сын сағаттарда аз қамтылған отбасыларға барынша материалдық көмек көрсетіп, қолдау танытуда. Үнемі мерекелер қарсаңында көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге асығатын полиция қызметкерлері, елімізде карантин жарияланғалы бері ізгілікті ту еткен іс шараларын одан әрі де жалғастыра түсті.

Мәселен, Мақтаарал ауданының полицейлері бір қойды құрбандыққа шалып, үш бөлікке бөліп, азық-түлік өнімдерімен қоса жағдайы төмен яғни Мақтаарал ауданының тұрғындары отағасынан жастайынан жесір қалған үш баланың аналары М.Исламова және С.Ибрагимоваға және бес баланың анасы (отағасы түзеу мекемесінде) отбасыларына барып хәл-жағдайын сұрап, үлестіріп берді.

Өз кезегінде тағдыр тауқыметін тартқан аналар тәртіп сақшыларына және қайырымды қызметкерлерді басқарып отырған басшыларына алғысын жаудырып, аналық ақ тілектерін білдірді. Осындай игі іс-шараларды Мақтаарал аудандық полиция бөлімі алдағы уақытта ай сайын ұйымдастырып тұрмақ.

Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды өздеріне парыз еткен ел қорғандары, жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» – деген халқымыздың игі дәстүрін алға тартып, қазіргі кезде қайырымдылықты іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру