Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көпбалалы анаға көмектесті

Түркістан облысының полицейлері азық-түлік таратып, қайырымдылық жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қашанда көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге келгенде белсенділік танытып жүрген Түркістан облысының полицейлері «Қамқорлық» атты қайырымдылық шарасын өткізіп, жалғызбасты ананың үйне көмек көрсетіп, алғысына бөленді. 

Бұл жолы Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бес баланы өсіріп отырған Шолпанай Арыстанбековаға күнделікті қажетті азық-түліктер табысталып, қайрымдылық жасалды. Осылайша полицейлер аз қамтылған отбасы мен көпбалалы ананың үйлеріне арнайы барып, қуантып қайтты.

Тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген отбасы мүшелері аудан сақшыларына ізгі амалдары үшін алғыстарын жеткізіп, қызметтеріне табыстар тіледі.

– Осындай қиын сәтте бізге демеу болып, қамқорлық танытқан полицейлерге алғыс айтамыз. Отбасылары аман болсын. Абырой-даңқтары арта берсін!, – деді көпбалалы ана.

– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болуды да естен шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – дейді кентаулық полицейлер.

Қайырымдылық – адамның келесі адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін сүйіспеншіліктің көрінісі екені даусыз. Сондықтан, бір-бірімізге қолғабыс етуден шаршамайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру