Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері криминалистердің жұмысы туралы студенттерге айтып берді

Түркістан облысының полицейлері криминалистердің жұмысы туралы студенттерге айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Нұржан Абдикаликовтың бастамасымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2-3 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастарға криминалистика мамандығының қыр-сыры, іздерді алып саралау ерекшеліктері айтылды.

Сондай-ақ, полицейлермен жүргізілетін криминалистикалық зерттеулер мен жылжымалы зертханалық автокөлігіндегі криминалистикалық құрал-жабдықтар, олардың қылмыс орындарындағы ерекшеліктері көрсетіліп, таныстырылды.

Өз кезегінде студенттер криминалистика саласына қызығушылық танытып, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

– Сіздерге үлкен рақмет. Алдағы практикалық тәжірибеден жедел-криминалистикалық бөліністерде өтуге өтініш білдіргіміз келеді. Жалпы іс-шара жоғары деңгейде өтті. Осындай әсерлі кездесу ұйымдастырған полицейлерге алғыс айтамыз. Және барлық жастарды заң бұзбай жүруге шақырамыз. Құқық бұзушылықтар жасамай, тек жақсыны үйренеміз, – деп сеніммен айтты студенттер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру