Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады
Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау мен өткізу фактісінің жолын кесті.
Мәселен облыс орталығының аумағында Кентау қаласының тұрғыны есірткі жасырды деген күдікпен ұсталды. Полицейлер жас жігітті тінту кезінде 38 орама мефедрон синтетикалық есірткісін тапты.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Өз кезегінде полиция қылмыс деңгейін азайтуға, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін осындай қылмыстарды анықтау мен жолын кесу жұмыстарын жалғастырады.