Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығын ұйымдастырған Шымкент тұрғындарын ұстады

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығын ұйымдастырған Шымкент тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті екі бірдей тұрғын арызданып келген.

Жәбірленуші азаматтың бірінің айтуынша, күндізгі уақытта жайылымда жүрген бір бас бұзауын белгісіз азамат жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын айтса, келесі бір жәбірленуші бір бас қойының ұрланғандығы жөнінде арызданған.

Осылайша жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 150 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 188-1-бабы, яғни (Мал ұрлығы) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында сайрамдық қырағы полицейлерден жедел-терегу тобы құрылды. Полицейлер куәлардан жауап алып, жақын аумақтарды мұқият қарап шықты. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке-басы анықталды. Күдікке ілінген үш азамат Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Олардың екеуі бұрын сотты болған. Тәртіп сақшылары анықталған күдіктілерді бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті үш азамат өзара ақылдасып, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жайылымдық жерде жүрген малдардың ішінен бір бас қой мен бір бас бұзауды өздерінің басқаруындағы автокөлікке салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан соң оңай олжаға кенелген күдіктілер малдарды Шымкент қаласының тұрғынына сатып жіберген. Ал ақшасын бөлісіп, бас пайдаларының қажеттіліктеріне жұмсаған. Бүгінгі күні жәбірленушілердің малдары өздеріне қайтарылды.

Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Шаруашылық аулалар мен қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтып, құлыптар мен жарық орнату қажет. Сондай-ақ, үй малына ен-таңба салдырып, бақташы жалдау керек. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру