Түркістан облысының полицейлері мереке қарсаңында марапатталды
Түркістан облысының полицейлері Тұңғыш Президент күні қарсаңында марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінде Тұңғыш Президент күніне қатысты шаралар басталып кетті.
Мәселен, мереке қарсаңында Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің ішкі істер органында елеулі еңбек етіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен бірқатар қызметкер Алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шарада Елбасы туралы көркем фильм көрсетіліп, ел қорғандарының патриоттық сезімдерін арттыру бағытында әңгімелер өрбіді.
Оған қоса бәйдібектік полицейлер 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни тәртіп сақшылары Бәйдібек ауданы Шаян елді мекенінде орналасқан Аппақ Ишан тарихи-мәдени музейіне барып, Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары мен қызметі туралы тарихи ақпараттармен танысып қайтты. Сонымен қатар қазақ елінің құрылуына қатысты тарихи оқиғалар мен қызықты мәліметтер біле алды.
Жалпы, жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Түркістан облысында полицейлердің қатысуымен мұндай іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты өткізіліп тұрмақ.