Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мерекелік бейнеролик дайындады

Түркістан облысының полицейлері мерекелік бейнеролик дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Уақыт өткен сайын ішкі істер саласында иығына шен таққан қыз-келіншектердің саны артып келеді. Солардың қатарында Түркістан облысы Полиция департаментінде мықты, батыл, ер азаматтармен қатар қызмет атқаратын нәзік жанды арулар аз емес. Олардың әрқайсысы өз саласының майталманы.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Түркістан облысының полицейлері сіздердің назарларыңызға сұлулық пен нәзіктікті, қажырлық пен қайсарлықты бiр бойына жиған қыздар жайлы бейнеролик ұсынбақ. Мұнда қызмет пен отбасын қатар алып жүрген жас аналарды көре аласыздар.

Олар Түркістан ҚПБ штаб инспекторы Жәмила Нұржігітова, Түркістан ҚПБ көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Сағыныш Сартбаева, Сауран АПБ ЖПҚ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Шынар Қайратқызы.

Жалындап келген жас мамандар қиын да қауіпті жұмыстарына құлшына кіріскен. Ұқыпты, жауапкершілігі мол, осы саланың ыстығына күймей, суығына тоңбай қызметтік қабілетін шыңдаған арулар.

– Өз ісімізге адал болу – біздің басты міндетіміз, –  дейді түркістандық полицей арулар.

Олар осы саланы өздері шын жүрекпен таңдаған, қыз балаға ауыр болса да қиындығы мол мамандық екенін түсініп, көп ізденіп, ерінбей еңбектенген. Бұл салаға келуіне себепкер бірінің әкесі болса, бірінің сүйген жары. Үш шенді ару да қызметте ғана емес, отбасылық өмірде де, бағы жанған әйелдер.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру