Түркістан облысының полицейлері мұқтаж жандарға көмектесті
Түркістан облысының полицейлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайырымдылық әрекеті – кез келген адам бойынан табыла бермейтін ең ізгі қасиеттердің бірі. Ол үшін әрбір пендеде адамгершілік, жанашырлық, жомарттық секілді мінездер болуы қажет-ақ. Аталмыш қасиеттердің барлығы бойынан табылатын Түркістан облысының полицейлері қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, әрдайым демеушілік жасап тұрады.
Осы тұста, Қазығұрт АПБ-ның бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Тасболатов сегіз баланың анасы және екі бірдей мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған жалғыз басты ананың үйіне арнайы барып, жағдайларын сұрап қайтты. Сонымен қатар күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктерді молынан алып барып, жәрдем етті. Осылайша, полицейлер тарапынан тағы бір ізгі амал жасалды.
Өз кезегінде тәртіп сақшыларының қайырымдылық істеріне көңілі толған жұмыссыз ана, полицейлерге ризашылығын білдірді.
– Мен, Қазығұрт ауданында тұрамын. Аудандық полиция бөлімінің бастығы мен қызметкерлері бірігіп, мені елеп-ескеріп, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Барша полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Алдағы уақыттарда жұмыстарына тек қана сәттілік тілеймін.