Түркістан облысының полицейлері «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша 3500-ге жуық құқықбұзушылықты тіркеді
Түркістан облысының полицейлері «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша 3500-ге жуық құқықбұзушылықты тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін ҚР ІІМ-мен белгіленген баптары бойынша, 10 айда 3 497 құқықбұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, ӘҚБтК 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 154, 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша – жеті, 133-бабымен (Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) – үш, 200-бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша – 14, 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) – 324 құқықбұзушылық анықталса, 408-бабымен (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы) – 1 140 құқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар 434-2-бабымен (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау) – 571, 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша – 53, 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 346 құқықбұзушылық тіркеліп, әкімшілік шара көрілген.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды қоғамдық тыныштықты сақтауды және жол жүру ережелерін сақтау керектігін ескертеді.