Түркістан облысының полицейлері Өзбекстан Республикасы азаматының еліне оралуына көмек көрсетті
Түркістан облысының полицейлері Өзбекстан Республикасы азаматының еліне оралуына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-нің көші-қон полициясының қызметкерлері құжатын жоғалтып алған Өзбекстан Республикасының азаматына көмектесті.
Нақтырақ айтсақ, Жетісай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен күнделікті профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Жетісай қаласында жеке басын анықтайтын құжатсыз жүрген шетел азаматы ұсталып, Жетісай АПБ-не жеткізілді. Шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары болмауына байланысты Жетісай АПБ белгілі бір тұрғылықты жері, құжаттары жоқ адамдарды қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Тексеру барысында құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі, өзінің ұлттық төлқұжатын Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданына келген соң жоғалтып алуына байланысты еліне қайта алмай жүргені белгілі болды.
Осылайша, туған еліне орала алмай жүрген ӨР азаматы А.Муминовтың өтініші бойынша оның құжаттарын жасап беру, отбасына оралуға көмек көрсету мақсатында полицейлер бірден іске көшті. Жетісай АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы Н.Мейрханованың ат салысуымен «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығымен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының азаматы А.Муминовке Алматы елшілігі арқылы «Еліне оралу сертификаты» құжаты жасалып, 05 қараша күні табысталды.
Өз кезегінде полицейлердің жедел жұмысына, өзіне көрсеткен көмегіне риза болған өзбекстандық азамат Абдувохид Муминов:
– Туған жерімде мені қарт анам мен жеті бауырым, отбасым күтіп отыр. Енді олармен кездесіп, қауышатыныма қатты қуанып отырмын. Жетісайға келіп, құжаттарымды жоғалттым. Алайда полицейлер көмек көрсетті. Енді елге алаңсыз қайта аламы, – деп өзінің полиция қызметкерлеріне деген алғысын білдірді.
Құжаты дұрысталған соң, азамат А.Муминов Сарыағаш-Капланбек бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына өткізілді.