Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері өзгенің үйіне мас халде заңсыз кіріп кеткен тұрғынды ұстады

Түркістан облысының полицейлері өзгенің үйіне мас халде заңсыз кіріп кеткен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Жәбірленуші ер азаматтың айтуынша, түнгі сағат 01:00 шамасында оның үйіне белгісіз адам мас халде, заңсыз кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 149-бабы (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Хабар алысымен аз уақыт ішінде оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары құқықбұзушыны ұстап, ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз қауіпсіздігін басты орынға қойып, барынша сақ болуды ескертеді. Сондықтан тыныштығыңызды бұзған жағдайлар орын алар болса, тез арада полицияға хабар берулеріңізді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру