Түркістан облысының полицейлері өзінің көлігінде тапанша сақтаған тұрғынды анықтады
Түркістан облысының полицейлері өзінің көлігінде тапанша сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар АПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті көше бойын патрульдеу барысында, бір автокөлік күдік тудырған. Оны тоқтатып, тексеру барысында көліктің артқы бөлігіндегі қол сөмкенің ішінен тапанша мен оқ дәрілер анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты зат ретінде осыларды тәркілеп алып, ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеді. Алынған тапанша мен оқ-дәрілерге сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Күнделікті жүргізілетін мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар түрлі қылмыстардың төмендеуін жақсартады. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі де өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.