Түркістан облысының полицейлері қарияның құжатын жаңартып берді
Түркістан облысының полицейлері 80 жастағы тұрғынға құжатын жаңартып беріп, алғыс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге үнемі көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ жеке куәлігінің мерзімі өткен 80 жастағы атаны анықтады. Содан кейін ақ сақалды атаны ХҚКО-на жедел жеткізіп, қажетті фото-бейнеге түсірді. Осылайша Мақтаарал ауданының тұрғыны Оралбек Абдуәлиевке дайын құжатын табыстады. Өз кезегінде жаңа құжатына қол жеткізген ата полиция қызметкерлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына алғысын жаудырды.