Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қару иелерін тексеріп, құқық бұзушылықтарды анықтады

Түркістан облысының полицейлері қару иелерін тексеріп, құқық бұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ дәрілерді тәркілеу, оларды сатып алу көздерін, заңсыз жеткізу арналарын анықтау мен жою мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында Түркістан қаласынан 309 азаматтың тіркелген қарулары тексерілді. Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың иелерін, сондай-ақ қызметтік қаруы бар күзет фирмаларының қаруды сақтау ережелері мен қаруды тіркеу, қайта тіркеу мерзімі мен тәртібін сақтауға қатысты ережелерді түсіндірді.

Нәтижесінде облыс орталығында жалпы 15 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, айыппұл салынды. Оған қоса полицейлерге жергілікті тұрғынның бірі газды тапаншасын өз еркімен тапсырды.

Аталмыш шара аясында бәйдібектік полицейлерде қарқынды қызмет атқарды. Яғни қару сақтау тәртібін бұзған тұрғынды анықтады. Тәртіп сақшылары жігіттен тегіс ұңғылы аңшы мылтығын сақтаудағы тәртіп бұзушылығын анықтап, оған ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысының полицейлері тіркелмеген қаруларыңыз болса полицияға тапсырыңыздар деп кеңес береді. Атыс қаруын қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны, өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру