Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасының алғашқы тәулігінде 47 жайтты анықтады

Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасының алғашқы тәулігінде 47 жайтты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың қараша айының 8-17 аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету болып табылады. Аталмыш шара барысында Ордабасы ауданы ПБ-ның жеке құрам қызметкерлерімен аудан аумағында, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған біршама жұмыстар атқарылады.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы тәулігінде Ордабасы ауданы бойынша 47 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 15-і Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге қатысты болса, 12 көлік айыптұраққа қойылған. Тарқатып айтар болсақ, ӘҚБтК 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша – 13, 606-бабымен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) – екі, 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша – тоғыз, 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 11 құқық бұзушылық тіркеліп, хаттама түзілген.

Сонымен қатар айта кететін жайт, аудан бойынша жыл басынан бері мыңнан астам Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге қатысты әр түрлі баптармен әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті хаттамалар толтырылды. Оның ішінде 450-ден астамы айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жол қателіктерді кешірмейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру