Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық орында заң бұзған азаматтарға қатысты хаттама түзді

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық орында заң бұзған азаматтарға қатысты хаттама түзді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлар тұрғындардың тыныштығын қадағалау мақсатында қоғамдық орындар мен көшелерде тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Осындай кезекті шара барысында кешкі сағат 18:40 шамасында жергілікті тұрғынның қоғамдық орынды ластап, темекі қалдығын тастағаны анықталған. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ортақ пайдаланылатын орынды ластау) бойынша әкімшілік хаттама түзілді. Сондай-ақ енді бір тұрғынның қоғамдық орында мас халде жүргені анықталып, осы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) хаттама толтырылды. Және де белгіленбеген орында сауда жасаған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгіленбеген орындар да сауда жасау) бойынша хаттама түзілді. Жоғарыда көрсетілген жайттардың барлығы ЖПҚ УПИ қызметкерлерінің бейнежетондарына түскен. 
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қоғамдық орындарда тыныштықты сақтауды, тәртіпсіздікке жол бермеуді, қоғамдық орындарды ластамауды, мас халде өзгелердің мазасын алмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру