Түркістан облысының полицейлері семинар өткізді
Түркістан облысының полицейлері саяси және діни жағдайдың жай-күйін талдау мақсатында семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментімен облыстағы саяси және діни жағдайдың жай-күйін зерделеу мен талдау мақсатында деструктивті ағымдарды ұстанушылардың діни жұмыс негіздері бойынша семинар өткізілді. Семинарға Түркістан облысы Экстремизмге қарсы іс-қимыл, Криминалдық полиция басқармасының, Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТО бойынша Департаментінің қызметкерлері, Қоғамдық даму басқармасының өкілдері, Дін істер басқармасының теологтары, Түркістан облысы бойынша наиб-имамдары қатысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – теріс діни ағым өкілдерін анықтап, олардың алдын алу, болдырмау кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар семинар барысында қатысушылар деструктивті діни ағымдардың радикалды ұстанушыларымен профилактикалық жұмыс жүргізу, оның ішінде кез келген көрінісіндегі экстремизм бойынша маңызды тақырыптар, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары көзқарастарының алдын алуға тікелей қатысатын қызметкерлердің әрекеттерін талқылады.
Жиын соңында қатысушылар семинардың пайдалы болғанын және қоғамдық радикалды идеологияға қарсы имунитетті нығайту жөнінде нақты ұсыныстар айтылғанын, алдағы уақытта жұмыс барысында қолданатындықтарын жеткізді.
Жалпы атап өтер жайт жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша халық арасында діни көзқарастарын анықтау мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығын» қатыстыру арқылы 945 азаматпен кездесу өткізіліп, сұхбат жүргізілген. Солардың ішінде 285 азамат кездесулердің нәтижесінде дұрыс өмір сүруге бет бұрған. Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мүдделі қызметтермен бірлесіп, халықтың арасында діни көзқарастарды әрдайым бақылауда ұстау мақсатында жан-жақты көпсалалы іс-шаралар атқаруда. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды іске асырылып, өз жалғасын таба бермек.