Түркістан облысының полицейлері студенттермен кездесті
Түркістан облысының полицейлері студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Осы орайда ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтің нұсқауына сәйкес, ішкі істер органдары үшін болашақ кадрлық IT-мамандарды даярлау, сондай-ақ жұмысқа қабылдау мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті техникалық факультетінің 3 және 4 курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу нәтижесінде осы жылдың 22 қарашасында жедел басқару орталығына, жоғарыда аталған ЖОО студенттерінің келуі жоспарланып отыр. Онда ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері студенттерге ІІМ-нің қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласындағы цифрлық шешімдерін көрсететін болады.
Бұл жасалатын тәжірибе жұмыстары студенттерге тек техникалық бөлімшелерде ғана емес, сыртқы қызметтерде де жұмыс істейтін полиция қызметкерлерінің жұмысымен толығырақ танысуына мүмкіндік береді.