Түркістан облысының полицейлері танысының қойын ұрлаған жігітті ұстады
Түркістан облысының полицейлері танысының қойын ұрлаған жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, жайылымнан бір бас қойын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізеді. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 45 мың теңгені құрады. Өзіне бекітілген аумақта мал ұрлығы болғандықтан Төлеби АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары бірден ұрыны ұстауға кірісті.
Қажетті шараларды жүргізді. Куәгерлерден жауап алды. Мал таситын көліктерді мұқият тексерді. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, келіп түскен ақпарат көздері арқылы ұрыны, ізін суытпай сол күні ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің танысы болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті мал бағып жүріп, өзінің пайдасы үшін өзгенің қойын жымқырып, қылмыстық ойын іске асырған. Тәртіп сақшылары қойларды айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Бас шарасы «келу туралы міндеттемеде».
Сондықтан полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: малдарыңызды жайылымдарда қараусыз қалдырмаңыздар. Қора-қопсыны мықтап қоршап, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға тапсырыңыздар! Үй жануарларын дер кезінде таңбалап, сырғалаңыздар! Ұрының сіздің салғырттығыңызды пайдаланып, малыңызды иемденіп кетуіне мүмкіндік бермеңіздер.