Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тәулік ішінде 8 бірдей тойды тоқтатты

Түркістан облысының полицейлері тәулік ішінде сегіз бірдей тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданында карантинге қарамастан тәулік ішінде өткен сегіз бірдей той-жиын анықталды. Карантиндік талаптар мен салынған айыппұлдарды елеместен, жасырын той жасаған. Өткізілген әр тойға 50-150 аралығындағы тұрғындар жиналып, түрлі салтанатты жиындарды ұйымдастырған. Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойға келгендерді тарқатты.

Полицейлер карантин талаптарын елемеген тойхана мен той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Қазығұрт ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру