Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері төбелеске қатысқан әйелдерді әкімшілік жауапкершілікке тартты

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде бірнеше әйелдердің төбелесіп жатқаны жөнінде бейнежазбаны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жайт бойынша нақтырақ айтар болсақ, 29 тамыз сағат 15:43 шамасында Арыс АПБ-нің “102” пултіне жергілікті тұрғыннан үйінде айқай-шу болып жатқаны жөнінде арыз келіп түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ажырасқан келіні туыстарымен келіп, ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Содан аталмыш дауды бейнежазбаға түсіріп, мессенджер арқылы таратып, абыройларына нұқсан келтіргенін хабарлаған.

Аталған ақпарат бойынша полицейлер тез арада әрекет етіп, тексеру жүргізген. Нәтижесінде, арызданушы мен қызы үйінің алдында тұрғанда ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгені, соңында сөзге келіспей дау шығып, жаға ұстасып, бір-бірінің киімдерін жыртып, дене жарақаттарын салғандары анықталды.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру