Түркістан облысының полицейлері тұрғындардан тіркелмеген 13 қару тәркіледі
Түркістан облысының полицейлері тұрғындардан тіркелмеген 13 қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 тәулігінде 13 тіркелмеген қару, оның ішінде 7 шолақ мылтық, 1 ойық ұңғылы мылтық, 3 травматикалық тапанша және 6 патрон тәркіледі.
Мәселен, полицейлер Кентау қаласынан қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. Жедел уәкілдер қала тұрғынының үйінің жертөлесін тексеру кезінде 16 калибрлі шолақ мылтық тауып, тәркілеп алды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінің бірінен ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде Түркістан қаласының тұрғынынан тіркелмеген травматикалық тапанша табылды.
Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Тәркіленген заңсыз сақталған қару сараптамаға жіберілді.
Бұдан басқа ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабымен құқық бұзушыларға 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен 48 және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен 9 құқық бұзушы жауапқа тартылды.