Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың жоғалған малын тауып берді

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың жоғалған малдарын тауып беріп, алғыстарын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ға жергілікті тұрғын жайылымнан құны 800 мың теңге болатын жылқысының жоғалып кеткені туралы арызданған. Ол әйел жоғалған малын өзі іздеп таба алмағаннан кейін полицияға хабарласып, көмек сұраған.

Мақтаарал АПБ жеке құрам қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу тобы бірден оқиға орнына шығып, жақын маңдағы барлық жайылымдарды мұқият аралап, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде арада бірнеше күн өткен соң жоғалған жылқы шамамен 15 шақырым жердегі көрші ауылдан жайылып жүрген жерінен табылды.

Сонымен қатар осындай оқиға Ордабасы ауданында да орын алған. Мұнда жергілікті тұрғын Ордабасы АПБ-ға арызданып келген. Онда азамат жайылымда жүрген 1,5 миллион теңге тұратын бір бас айғырының белгісіз себептермен жоғалып кеткенін көрсеткен. Ордабасы АПБ-ның КПБ, УПИ қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жоғалған жылқыны небары төрт сағаттың ішінде жайылымдық жерден тауып, егесіне қайтарды.

Осы тұста облыс тұрғындары жоғалған малын тауып беріп, аман-сау қайтарған полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру