Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бетперде таратты

Түркістан полицейлері індеттің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде карантин режимі тағы да екі аптаға ұзартылғаны белгілі. Осыған байланысты Сайрам ауданының полицейлері  рейдтік жұмыстарды одан әрі жалғастыруда. Тәртіп сақшылары індеттің алдын алу мақсатында ауданның адамдар көп шоғырланатын жерлерінде, қоғамдық орындарда бетперде кию, ара қашықтықты сақтау мен карантин талаптарын қатаң ұстану жағдайын жіті тексеруде.

Нәтижесінде  соңғы бір апта көлемінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабын бұзған 53 адам анықталды. Оларға қатысты жинақталған іс-құжаттар аудандық СЭС-ке жолданды. Сондай-ақ аудан полицейлері тұрғындарға  бетперде таратты.  

– Ауданымыздың әрбір тұрғыны өз саулығы үшін карантин талаптарына бағынуға тиіс. Біздің полицейлер мобильдік топтарға бөлініп, күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Сондықтан заңға бағынып, сақтау шараларын қатаң ұстануға шақырамыз, – деді рейд барысын үнемі бақылауда ұстап жүрген Сайрам аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Сапарғали Ботабеков.

Жалпы алғанда аудан тұрғындарының басым бөлігі бетперде тәртібін сақтайтыны байқалды. Бұл өз кезегінде тәртіп сақшыларының  профилактикалық жұмыстарды жандандыра жүргізуінің және халықтың карантин тәртібіне түсіністікпен қарайтынының нәтижесі деп білеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру