Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға көмек көрсетуде
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қиын да қауіпті салада еңбек еткендіктен, полицейлер барлық нәрсеге дайын болуы қажет. Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгінде елімізді індет жайлап, тұрғындарды әбігерге салып қойды. Осындай кезде күні-түні күшейтілген режимде жұмыс істеп жүрген тәртіп сақшылары екені даусыз. Сонымен қатар ұзақ жолға шығып, автокөліктері бұзылып тұрған тұрғындарға да өз көмектерін көрсетіп, ешқандай жауапкершіліктен қашқан емес.
Осындай жайт Сарыағаш ауданында да тіркеліп отыр. Ауа райының қолайсыздығына қармастан жолға шығып, қар құрсауында қалған тұрғынды полиция қызметкерлері сүйреп, жүріп кетуіне көмек берген.
Өз кезегінде жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларының адал қызметтеріне тәнті болып, өз алғысын айтты.
– Менің жолда көлігім тығылып қалған еді, бір жолаушы тоқтамады. Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері менің автокөлігімді сүйреп, межелі жеріме алып барды. Тәртіп сақшыларына өз алғысымды айтамын.
Алдағы уақытта да полицейлер тұрғындардың тыныштығы үшін талмай еңбек етіп, амандықтарын сақтауда алғы шепте тұрмақ.