Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынды құтқарып қалды

Түркістан облысының полицейлері көпірден секірмек болған әйелді тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент - Термез тасжолында болды. Патрульдеуде жүрген полиция қызметкерлері М.Курбанбаев пен Н.Сайымкулов Сарыағаш-Жібек жолы аспалы көпірінде жалғыз тұрған жас келіншекті байқады. Таңғы уақытта арлы-берлі жүрген әйелден күмәнданған қызметкерлер оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын түсінген. Содан бірден әрекет етіп, оқиға орнына дереу жетті.

Тәртіп сақшысы 5,5 метр биіктіктен секірмек болып, көпірге жармасқан жас келіншекті әңгімеге алдандыра отырып, қолынан тартып алды. Қапсыра құшақтап алып, қауіпсіз жерге алып шығады. Осылайша әйелдің өмірмен қоштасуына жол берілмеді.

Полицейдің қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болғанымен, кейде құтқарушы, ал енді бірде психолог болады. Мұны жақсы білетін қызметкерлер өмірден түңіліп, жабырқап тұрған келіншекке түсіндірме жұмысын жүргізді. Әйел өз жауабында отбасылық жағдайынан шаршағанын жеткізді. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтап, онымен профилактикалық әңгімелесу шаралары жүргізіліп жатыр.

- Бұл біздің - міндетіміз. Әрбір азаматтың амандығын қамтамасыз ету үшін қызмет етуге қашанда дайынбыз, - деді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру