Түркістан облысының полицейлері тұрғынға жоғалған телефонын тауып берді
Түркістан облысының полицейлері тұрғынның бір ай бұрын жоғалған телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан телефонының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ер адамның айтуынша, ол базарға барған кезінде Oppo A15 телефонын жоғалтқан. Ауыл тұрғыны бір ай бойы өздігінен іздегенімен, таба алмай полициядан көмек сұрады.
Хабарламаны алған Келес АПБ-нің жедел уәкілі Нұрбол Шадиев жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісті. Полицейлер жақын маңдағы аумақтарды, сондай-ақ телефон дүкендерін тексерді.
Нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жедел уәкіл сатушылардың бірінен жоғалған телефонды тауып, заңды иесіне қайтарды. Келес ауданының тұрғыны тәртіп сақшысына жеделдігі мен кәсібилігі, сондай-ақ көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.