Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көлікке ұрлыққа түскен тұрғынды ұстады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігіне ұрлыққа түскен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, кешкі сағат 19:00 шамасында үйінің сыртында тұрған Opel Vectra көлігінен Honnor-20 ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 150 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы бірден іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды тез арада аралап, куәгерлерден жауап алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны Түркістан ҚПБ-ның тергеу бөліміне жеткізді. Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай жәбірленуші азамат автокөлігін сыртқа қойып, үйіне кіріп кеткен. Бірер минуттан соң шыққанында ұялы телефонының жоқтығын көріп, бірден полиция қызметкерлеріне ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері өз мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру