Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 5 бас жылқысын тауып берді
Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған бес бас жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын бес бас жылқысының жоғалып кеткендігі туралы хабарласқан. Ол жылқыларының Мақтаарал ауданы Ынталы ауылына қарасты егістік алқапта жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын айтып көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі екі миллион теңгеден астам.Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Ауыл аймақтарын, егістік алқаптарын, бақташылардың жылқы баптайтын жерлерінің барлығын толық тексеріп шықты. Жүргізілген іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған бес бас жылқы көрші ауылдан табылды. Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды тауып, өз иесіне табыстады.
Жылқыларының табылғанына риза болған иесі, полиция қызметкерлерінің атқарған қызметтеріне шынайы ризашылығын білдірді.
– Менің кешкі уақытта бес бас жылқым жоғалды. Өз бетімше іздеп таба алмағаннан соң, полицейлерге хабарласып, көмек сұрадым. Олар бір тәулікке жетпей, жылқыларымды түгел тауып берді. Жергілікті полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Рақметімді айтамын!
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарын қырағы болуға және жайылымдар мен қораларда малдарын қараусыз тастамауды ескертеді. Мал ұрланып немесе жоғалған жағдайда, ізін суытпай мал ұрысын табу үшін, полицияның «102» нөмірі арқылы қоңырау соғу керек.