Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған жылқысын Жамбыл облысынан тауып берді
Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған жылқысын Жамбыл облысынан тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өзінің ауласында тұрған құны 500 мың теңге болатын бір бас жылқысының шығып кеткені туралы көрсеткен. Жәбірленуші ер азамат жоғалған малын өзі іздеп таба алмағаннан кейін полицияға хабарласып, көмек сұраған.
Бәйдібек АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында із-түзсіз жоғалған малды аз уақыттың ішінде тапты. Тұрған орнынан шамамен 20 шақырым қашықтықта, яғни Жамбыл облысына қарасты жайылымда жүрген жерінен табылып, мал егесіне қайтарылды.
Белгілі болғандай ірі-қара мал түнгі уақытта ашық қалған ауланың есігі арқылы үйінен шығып кеткен. Осы тұста жергілікті тұрғын жылқысын аман-сау қайтарған полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Мен Бәйдібек ауданының тұрғынымын. Түнгі мезгілде ауланың есігі ашық қалып, жылқым шығып кетіпті. Бірден «102»-ге хабарластым, полицейлер болса бірден Жамбыл облысының аумағындағы жайылымнан тауып алып келіп берді. Тәртіп сақшыларына үлкен рақмет!.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Малыңыз ұрланған немесе жоғалған жағдайда, өз бетіңізше іздеуге уақыт жоғалтпай, тез арада полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыз.