Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері туысының тонын ұрлаған әйелді анықтады

Түркістан облысының полицейлері туысының тонын ұрлаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші әйел үйінде тұрған бағалы тоны ұрланғанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі – 750 мың теңге.

Аталған оқиғаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Ақпарат алған бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Жедел-тергеу тобы құрылып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тонды ұрлаған күдікті жәбірленушінің туыс келіні болып шықты.

Анықталғандай, жас әйел ақша қажет болған соң туысының тонын ұрлап, ломбардқа өткізген. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ұрланған тон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру