Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері уақ малдарды ұрлаған күдіктілерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері уақ малдарды ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын үйінің ауласында орналасқан қорасынан өзінің үш бас уақ малын белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы арызданған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 150 мың теңге. Аталған дерек ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Полиция қызметкерлері ақпарат алысымен оқиға орнына жедел жетті. Орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында тәртіп сақшылары қарқынды қызмет атқарды. Мал таситын көліктерді, мал базарларды мұқият тексеріп шықты. Полиция қызметкерлері көрген-білген куәлардан жауап алды. Жүргізілген тыңғылықты іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, мал ұрлығына қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталды. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын мен ордабасылық ер адам ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылықтары анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті ер адамдар алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасаған. Яғни түнгі уақытта ауыл шырт ұйқыға кеткен сәтті пайдаланған күдіктілер үй ауласындағы қора ішіне кіріп, үш бас қойды алып шыққан. Содан соң күдіктінің бірінің басқаруындағы автокөлікке салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ал қойларды ауыл тұрғынының біріне сатып жіберген. Осылайша оңай жолмен келген ақшаны өзара бөлісіп, бас пайдасының қажеттіліктеріне жұмсаған.

Полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: қора-қопсыны мықтап қоршап, бекітіп, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға немесе бақташыға тапсырыңыз! Оларды дер кезінде таңбалап, сырғалаңыз! Ұрының сіздің салғырттығыңызды пайдаланып, малыңызды иемденіп кетуіне мүмкіндік бермеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру