Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасамақ болған төртеуді ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасамақ болған төртеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-ның ЖПҚ УПИ полицей Ердаулет Пернешов 100 м кабельді ұрламақ болған төрт күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Олар Келес ауданы Ақтөбе ауылына қарасты жайылымда, электр бағаналарына жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерде ұрлық жасамақ болған. Алайда полиция қызметкерінің қырағылығының арқасында күдіктілердің арам ойы іске аспаған.
Оқиға орын алысымен учаскелік полицей Келес АПБ-ның кезекші бөліміне хабарлап, полиция қызметкерлерін шақырды. Олар аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Тәртіп сақшылары хабар алысымен тез арада жетіп, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел тергеу амалдарын бастады. Осылайша күдікті ретінде ұсталған жергілікті төрт азамат ПБ-не жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жігіттер өзара алдын ала сөз байласып, ұрланған кабельдерді темір қабылдайтын жерге алып барып, өткізбек болған. Бірақ, құрған жоспарлары өз нәтижесін бермеген.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру