Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданады. Ер адамның айтуынша, оның 180 мың теңге тұратын «Samsung S10» ұялы телефонын белгісіз біреулер жұмыс орнында жымқырып кеткенін көрсеткен. Содан жәбірленуші күдікке ілінген ер адамнан қайтаруын сұрайды. Алайда ол өз кінәсін мойындамайды. Нәтиже шықпағаннан кейін арызданушы полицейлерге хабарлайды. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Полицейлер ақпарат алысымен күдіктінің жеке басын анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, АПБ-не жеткізеді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін толық мойындайды. Анықталғандай, ол телефонды жәбірленушінің сөмкесінен жасырын түрде жымқырған. Тәртіп сақшылары күдіктіден ұялы телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Бас шарасы қолхатта.
Тұрғындарға ескерту ретінде айтып өтсек, қазіргі уақытта ұялы телефон қылмыскердің көздеген өте оңай олжасы болып тұр. Ұялы телефонның ұрлануы көп жағдайда телефон иесінің ұқыпсыздығы салдарынан болып жатады. Өкінішке орай, ұялы телефон ұрланса, оны кері қайтарып алу да оңай шаруа емес. Сол үшін телефонды ұрлатпаудың қарапайым ережелерін еске сақтаған жөн. Мәселен, телефонды мүлдем танымайтын және дұрыс танымайтын адамдарға беруге болмайды, қоғамдық көліктерде және басқа да адамдар көп шоғырланатын жерлерде ұялы телефонды қолыңызға ұстап немесе киіміңіздің, сөмкеңіздің ішкі қалтасына салыңыз. Кафе-барларда, ойын-сауық орындарында жүргенде телефоныңызды үстелдің үстіне қоя салмаңыз. Ал, егер телефоныңыз ұрланғанын білген сәтте, тез арада полицияға хабарласыңыз. Бұл қылмыстың «ізін суытпай» ашуға ықпал етеді.