Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз балық аулаған браконьер қолға түсті

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған кезекті браконьерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторы Жанболат Сапарбаевтан Келес ауданына қарасты аумақтағы Сырдария өзенінен заңсыз балық аулағандар жайлы хабарлама түседі.

Осылайша оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері Келес ауданынының маңындағы Сырдария өзенінен электр тоғы арқылы балық аулап жүрген күдіктіні ұстағанын анықтады. Айғақты заттар тәркіленіп алынған күдіктінің Келестік тұрғын екені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері күдіктіні істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Браконьерден электр тогын күшейткіш құрылғы, аккумулятор, үрмелі резеңке қайық пен балықтар тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондықтан облыстың полицейлері әрбір балық аулаушы тұрғынға ескертеді, жоғарыда көрсетілген баптың санкциялары алты мың АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жою заң аясында жауапқа тартылатынын да еске салады. Егер де сіз осы секілді қылмыстардың, оқиғалардың куәгері болсаңыз міндетті түрде «102»-ге хабар беріңіз. Бұл өз уақытында полицейлердің қылмыскерді ізін суытпай ұстауға көмегін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру