Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ-нің кезекші бөліміне Көксарай су қоймасы қорығынан екі азаматтың заңсыз балық аулап жатқан жерінен ұсталғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында, Арыс және Ордабасы ауданының тұрғындары өздерінің Ауди 100 көлігімен келіп, заңсыз балық аулағандары белгілі болды. Көлікті қарау барысында ішінен айғақты зат ретінде 350 келіге жуық түрлі балық, екі дана қайық, әрқайсысы 100 метрден болатын төрт дана қытай торы табылып, тәркіленіп алынды.Заңсыз балық аулаған жігіттер істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда екі күдікті азаматтың бас шарасы “қолхатта”. Ал көлік айыптұраққа қойылды. Балықтар болса, Шардарадағы балық фирмасына өткізілді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық ауламауға, сондай-ақ кез келген Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоймауға кеңес береді. Сонымен қатар азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, табиғатты аялауға және браконьерлік пен табиғи ресурстарды заңсыз өндіру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын есте сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру