Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегін анықтап, қызметіне тосқауыл қойды.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер арнайы операция нәтижесінде сотты болғанына қарамастан, қайта қылмыс жасап, заңсыз ойын бизнесін, яғни «электронды казино» ұйымдастырған Сарыағаш ауданының 2 тұрғынын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден астам табыс түскен.

Ойын мекемелері мен ұйымдастырушыларының тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде осы қылмысты жасауға қатысы бар өзге адамдардың кінәсі анықталады. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілііп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру