Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері заңсыз жер қазған жергілікті тұрғынды ұстады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз жер қойнауын қазған жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-ның полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында, Келес ауданына қарасты Келес өзені арнасынан жергілікті тұрғын өзіне тиесілі “Драглайн” шыншыр табанды жер қазу техникасы арқылы, заңсыз жер қойнауынан құм-тас қоспасын өз бетінше қазып жатқаны кезінде анықталды. Тексеру барысында азамат Келес өзенінің арнасынан заңсыз 43,7 м3-қа дейінгі тереңдікте қазған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты тіркеді.

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 181-бабына (Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бірыңғай тізіліміне тіркелместен, уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі) сай шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жолданған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырады. Сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Егер, сіз, табиғатқа қайшы келетін оқиғалардың куәгері болсаңыз, тез арада полицейлердің “102” нөмірі арқылы хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру