Түркістан облысының полицейлері жалғызбасты анаға көмектесті
Түркістан облысының полицейлері жалғызбасты анаға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қауырт жұмыстарынан уақыт тауып, қаражаттарын жинақтап, көпбалалы, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға үнемі көмектесіп, қолдарынан келгенше қал-жағдайларын біліп отырады.
Мысалы, жуырда тәртіп сақшылары Арыс қаласының тұрғыны жалғызбасты көпбалалы ана Айгүл Жунисованың отбасына арнайы барып қайтты.
Полиция қызметкерлері жұбайы қайтыс болған, 5 бірдей баланы екі жылдан бері жалғыз асырап келе жатқан әйелге қол ұшын созды. Көмекке мұқтаж аталған отбасына тұрмысқа бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін апарып берді.