Түркістан облысының полицейлері жас мамандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Түркістан облысының полицейлері жас мамандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында орталық мешіттің бас имамы Тұрлыбек Төлебеков шақыртылып, жеке құрам арасында радикалдық көзқарастарды болдырмау мақсатында «Рухани жаңғыру мәселесін арттыру» және дін сауаттылығын көтеру үшін кездесу болып өтті. Аталған іс-шараға Түркістан облыстық Дін басқармасының теолог мамандары мен жас полицейлер, жергілікті тұрғындар қатысты. Жастарға күнделікті өздерінің жұмысын атқару барысында ҚР ІІМ-нің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының заңдарын сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей қызмет атқару қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жасау бойынша көмек көрсету мақсатында Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігері Әсем Байгабулова келіп, арнайы дәріс өткізді.
Азаматтардың өтініштері мен талап-тілектері тыңдалып, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жас мамандар мен халық үшін қолайлы іс-шарада тұрғындар сұрақтарына жауап алды.
Полиция қызметкерлері бір уақытта бірнеше мәселеге тоқталып, тұрғындармен қатар жас мамандардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына толыққанды жауаптар берді. Бүгінгі күні ел үшін қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларына ауыл тұрғындарының да алғысы шексіз. Үнемі ақсақалдары батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тілеп отырады.