Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жазғы сауықтыру лагеріндегі жасөспірімдермен кездесті

Түркістан облысының полицейлері жазғы сауықтыру лагеріндегі жасөспірімдермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облыстық білім беру басқармасына қарасты “Балауса” жазғы сауықтыру демалыс лагерінде “Есірткіге жол жоқ!” ұранымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында кіші футболдан, эстафеталық жарыстан және тәрбиешілер арасында дойбы ойындарынан спорттық сайыс өткізілді. Аталған шараға 150-ден аса жасөспірім қатысып, салауатты өмір салтын ұстана отырып, есірткіге бірге қарсы тұруды мақсат етті.

Полиция департаменті қызметкерлерінің ұйымдастырымен өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеткіншектер мен олардың  командаларына полиция департаментінің тарапынан бағалы сыйлықтар және департамент бастығының алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар белсенді ойын көрсеткен ойыншылар кубок және медальдармен марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Жәнібек Нұрлыбай сөз алып, жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден аулақ болуға шақырды.

Сайыстан ерекше әсер алған жеткіншектер полицей ағаларына өз алғыстарын білдіріп, салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден аулақ болып, құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алуға сөз берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру