Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 10 жастағы оқушыны үйіне қайтарды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 10 жастағы оқушыны үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ кезекші бөліміне Арыс қаласының тұрғыны 4-сыныпта оқитын кәмелетке толмаған оқушы қызы хабар-ошарсыз кеткенін айтып, арызданған. Анасының айтуынша, 10 жастағы қыз кешке велосипед айдауға шығып кеткеннен 3-4 сағат бойы үйіне оралмаған. Өздері іздеп таба алмағаннан кейін қызына алаңдаған әйел «102» пультіне қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін көмекке шақырады.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бірден жоғалған оқушыны іздеуге кірісті. Арыс АПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері аулаларды аралап, жақын аймақтар мен көшелерді қарап, куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын тексерді.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер жарты сағат ішінде жоғалған қызды сыныптасының үйінен тапты. Содан отбасына, анасына қайтарды.

Өз кезегінде жергілікті тұрғын Арыс АПБ-нің полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жоғалған қызын жедел тауып бергені үшін ризашылығын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларына мұқият болу және оларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, балалар немесе жақын адамдар жоғалған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақытты жоғалтпай, тез арада полицияға «102» телефоны бойынша хабарласу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру