Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 13 жастағы қызды тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 13 жастағы қызды тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға кешкі уақытта жергілікті тұрғынның бірі 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Ол әйелдің айтуынша, 13 жастағы қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып із-түзсіз жоғалып кеткен. Сарыағаш АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті.

Мектеп оқушысын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде үш күннің ішінде тәртіп сақшылары қызды Шымкент қаласынан көшеде жалғыз жүрген жерінен тауып алды.
Осылайша, жоғалған 13 жастағы қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары қыздың анасымен ұрысып, ашумен үйінен кетіп қалғандығын анықтады.
Қызымен қауышқан анасы полицейлерге өз алғысын білдірді:

-Жоғалған баламды тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!, - деді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру