Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 9 жасар баланы үйіне қайтарды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған тоғыз жасар баланы үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға кешкі сағат 14:30 шамасында Дарбаза ауылының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Ол әйелдің айтуынша, есік алдында ойнап жүрген тоғыз жасар ұлы із-түссіз жоғалып кеткен. Сарыағаш АПБ ювеналдық полиция тобының қызметкері жас маман Батырхан Орынбеков хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Мектеп оқушысын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастырды. Полицейдің жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында, небары екі сағат ішінде бала көшелердің бірінен табылды. Осылайша, жоғалған бала ата-анасына аман-сау күйінде табысталды. Тәртіп сақшысының анықтауынша, ойын баласы үйінің алдында ойнап жүріп, үйден екі көше ары қарай кетіп қалған.

Өз кезегінде баланың анасы Айгерім Тұрсынбаева полицейдің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді:

– Мен, есік алдында ойнап жүрген баламды жоғалтып алдым. Содан соң Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлеріне хабарластым. Полицейлер дер кезінде тауып берді. Осы кісіге алғысым шексіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру