Түркістан облысының полицейлері жоғалған әйелді тапты
Түркістан облысының полицейлері жоғалған әйелді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өзінің арызында әйелінің жоғалып кеткенін көрсеткен. Аталған деректі полицейлер бірден тіркеуге алады. Содан тәртіп сақшылары күйеуінен оқиғаның қалай болғанын сұрайды. Сұрастыру барысында Сарыағаш қаласында орналасқан автобекеттен ері жұбайын сіңлісінің үйіне таксиге салып жібергенін айтқан. Алайда жоғалған әйелі ол мекенжайда болмай шыққан. Шұғыл іздестірудің нәтижесінде сарыағаштық жедел уәкілдер жоғалған әйелді Түркістан облысында орналасқан Келінтау ауылынан тапты.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның қалай орын алғанын анықтауда.
Өз кезегінде, табылған әйелдің жұбайы Сарыағаш АПБ полицейлеріне, оның ішінде полицей Нұрсұлтан Идышевқа жұбайын іздестіру кезінде көрсеткен жеделдігі мен кәсібилігі үшін шынайы алғысын білдірді. Жергілікті тұрғындар да жас полицейге жұмыста және қызметте табыс тіледі.